Нұралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Нұралы(1704 – 1790) – Кіші жүз ханы (1748 – 86), Әбілқайыр ханның баласы. Әкесінің орнына таққа отырды және хандық дәрежесі Ресей тарапынан бекітілді. Оны хан сайлау рәсіміне Ұлы жүз бен Орта жүз өкілдері де қатысты. Бастапқыда шешесі Бопай ханымның ақылымен әрекет жасап, әкесінің саясатын жалғастыруға тырысты. Нұралы күрделі де қайшылықты тұлға, сондықтан оған бір жақты баға беруге болмайды.<ref>Қасымбаев Ж., Нұралы хан (1704 – 1790)</ref> Ол Ресей әкімшілігінің Жайық бойын отарлауына барынша қарсылық көрсетті. Орыс патшайымы Елизавета Петровнаға бірнеше рет елші жіберіп, қазақ даласын отарлаудың негізсіздігін дәлелдеуге, оны тоқтатуға талпынды. Орынбордың тұңғыш губернаторы И.И. Неплюевтің көмегімен Кіші жүздің тұтастығын сақтап қалуға тырысып, Арал бойында өзін “хан” жариялаған Батыр сұлтанмен күресті. Жоңғария билеушісі Сыбан Доржымен дипломатты байланыс орнатты. 1750 жылы әкесі Әбілқайырға кесене салдыртты.<ref>Отечест¬венная история, ғ1, 1998</ref> Алайда орталық билікті күшейту қамымен қол астындағы халықтың бір бөлігін өзіне қарсы қойып алды. Әсіресе қайшылықты ахуал Сырым Датұлының көтерілісі кезінде тым шиеленісіп кетті. 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев көтерілісіне жасырын қолдау көрсетті, немере інісі Досалы сұлтанның қазақ жасақтарымен сол көтеріліске қатысуына тілектес болды. Нұралының өз ықтиярымен Ресей билігіне көнбейтіндігіне әбден көзі жеткен Екатерина ІІ 1786 жылы 6 маусымда арнайы жарлығымен Нұралыны тақтан түсірді.<ref>Қазақстан тарихы, көне заманнан бүгінге дейін, 3-т., А., 2002</ref> Алғашында Жайық бекінісіндегі абақтыға қамалып, кейін Уфаға жер аударылды. 1790 жылы көктемде ол осы қалада дүние салды. 1792 жылы хан тағына інісі Ералы отырды. Нұралының бірнеше әйелінен тараған ұрпақтарының арасынан кейіннен қазақ халқының саяси, әскери, мәдени тарихында үлкен рөл атқарған қайраткерлер көп шықты.<ref>Государственные деятели казахских ханств в XVІІІ веке, т. 1, А., 1999</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұралы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}