Нью-Йорк қор биржасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:15, 2013 ж. наурыздың 15 кезіндегі Legobot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Биржа

Нью-Йорк қор биржасы (Үлгі:Lang-en) — әлемдегі ең ірі және АҚШ-тың бас қор биржасы. АҚШ-тың қаржы қуаттылықтың және жалпы қаржы өнеркәсібінің нышаны. Биржада бүкіл әлемге танымал Доу-Джонстың өнеркәсіптік серіктестерге үшін акциялар (Үлгі:Lang-en), NYSE Composite және NYSE ARCA Tech 100 Index қор индекстері анықталады.

Тарихы

1972 жылдың 17 мамырында қаржы құралдарымен жұмыс істеген 24 нью-йорктік брокерлер және олардың лондондық әріптестер, кофеханаларда (ең белгілі кофехана «Тонтин»), Нью-Йорк қор биржасын құру туралы «Платан астындағы келісім» (Buttonwood Agreement) құжатына қол қойды.

1975 жылдан бастап 1366 жеке мүшелердің меншігінде болған коммерциялық емес корпорацияға ауысты. Корпорациядағы мүшелер орындары сатыла алады, әрбір орынның құны қазіргі кезде 3 миллион АҚШ долларына тең.

2006 жылдың наурыз айының басында NYSE Archipelago Holdings электрондық биржасымен қосылуын аяқтады және өз тарихында бірінші рет инвесторларға акцияларын ұсынды, сөйтіп, коммерциялық ұйымға айналды. NYSE Group акцияларының сауда-саттығы биржаның өзінде жүргiзіледi; капиталандыру 2007 жылдың 5 желтоқсанына қарай $22,6 млрд. құрды.

2006 жылдың маусым айының басында Нью-Йорк қор биржасының болашақта еуропалық Euronext қор биржасымен қосылып кетуі туралы жарияланды. Бұл қосылу 2007 жылдың 4 сәуірінде болды <ref>Shares of NYSE Euronext begin trading, marking the beginning of the first truly global financial marketplace</ref>

Қызметі

Сурет:NYSE-floor.jpg
Нью-Йорк қор биржасындағы жерде жатқан «трейдерлер. Әрбір сатылатын құнды қағаздың бөлек сауда орталығы бар.

Биржада акциялар мен басқа да құнды қағаздармен операциялар жүргізіледі. Биржада бағалы қағаздар 3 мың (2008) серіктестіктермен баға белгіленеді. NYSE-де сататын серіктестіктіерінің жалпы капиталандыруы, 2006 жылдың соңына қарай $26,5 трлн. құрады.

NYSE директорлар кеңесі төрағадан, президенттен, биржаның он мүжесінен және iскерлер тобының он өкiлдерiнен тұрады.

Биржа ғимараты Wall Street, 11 адресі бойынша танымал Уолл-стрит көшесінде орналасқан.

Оқиғалар

  • 2007
    • 17 ақпан - тапсырыстар тасқыны кесірінен Нью-Йорк қор биржасының сауда-саттық электрондық жүйесі жұмыс көлемімен жұптаспай, тапсырыстардың бiр бөлiгi орындалмай қалған.


Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер