Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нығымет Мыңжани"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Шығыс Қазақстан облысында туғандар» деген санатты аластады; «[[Санат:Толы ауданында туғанда...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

17:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Нығымет Мыңжани (22. 3.1922, Тарбағатай аймағы Толы ауданы – 22.6.1993, сонда) – тарихшы, этнограф, әдебиет зерттеушісі. 1941 жылы Үрімшідегі Моңғол-қазақ училищесін және полиция училищесін бітірді. 1945 – 49 жылы Шыңжаң өлкелік Қаржы департаментінің бас хатшысы, 1949 – 50 жылы өлкелік үкімет бас хатшысының орынбасары, 1950 – 52 жылы ҚКП ОК Шыңжаң басқармасының бастығы, 1952 – 58 жылы Пекин ұлттар баспасы қазақ редакциясының бөлім меңгерушісі болды. 1958 жылы “оңшыл” ретінде тұтқындалып, 1976 жылға дейін түрмеде отырды. 1978 жылы толық ақталып, аз санды ұлттар тілін зерттеу институтында ғылыми жұмыстармен айналысты. Мыңжани қазақ, ұйғыр, ескі түркі тілдерін білумен қатар қытай, орыс, араб тілдерін де меңгерді. 1980 жылдан қазақ тарихымен айналысып, “Шыңжаң қазақтары” (1981), “Қазақ ру-тайпалары мен ұрандары” (1982) және мемл. тапсырыс бойынша “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбектер жазды. Ол “Тіл – әдебиет” (1942), “Қазақ тарихының дерегі” (1949), “Қазақ хандығының ауыз әдебиеті” (1980), “Қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму дәуірлері” (1981), “Қазақ қиссасы”, “Бақтияр және оның қырық бұтағы” (1982), “Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастан жанры” (1982), “Қазақ халық дастандарының тарихына тән кейбір деректер жайында” (1982), “Қорқыт ата кітабы және қазақтың Қорқыт жыры жайында” (1984), “Қазақтың мифтік аңыздары” (1986) атты көптеген зерттеу еңбектер жазды. ұалымның 1987 жылы “Қазақтың қысқаша тарихы” және “Қазақтың мифтік аңыздары” атты монографиялары жарық көрді. Сондай-ақ Мыңжанидың “Тұрмыс тілшісі” повесі (1948) мен өлеңмен жазылған “Қарлығаш” романы қытай қазақтары әдебиетінің өсу жолындағы елеулі шығармалар болды. Мыңжани аударма саласына да үлкен еңбек сіңірді. Ол “Сәлиха-Сәмен” дастанын, Шәкерімнің “Қазақ шежіресін”, Абайдың “Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы” атты еңбектерін қытай тіліне аударды. Сондай-ақ қытайдың ескі әдеби тілінде жазылған “Су бойында” (3-томын), “Қызыл сарай түсі” (4, 6-томдарын) сияқты классикалық шығармаларды қазақ тіліне аударды. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нығымет Мыңжани|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}