Нығмет Ғабдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Нығмет Ғабдуллин (26.12.1927, Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылы – 11.7.2005, Алматы қаласы) – филология ғылым докторы (1972), профессор (1975), Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998).

  • Қазақ педагогика институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университетін) бітірген (1950).
  • 1950–1969 жылдары республикалық баспасөз орындарында,
  • 1962 жылдан жоғары оқу орындарында қызмет еткен.
  • 1988–1997 жылдары Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды.
  • «Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

  • Менің достарым. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1951;
  • Алғашқы сапар. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1953;
  • Жаңа таны отар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1955;
  • Құрбылар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956;
  • Гүл. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959;
  • Қызық дәурен. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963;
  • Өмір, қымбатсың маған. Повесть. А., «Жазушы», 1966;
  • Сарғайған жапырақ. Повесть. А., «Жазушы», 1970;
  • Жігер. Роман. А., «Жазушы», 1983;
  • Уақыт сыры. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1981;
  • Ғабит Мүсірепов - драматург. Монография. А., «Өнер», 1982;
  • Махаббат жыры. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1998.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}