Нитрагин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:40, 2014 ж. қарашаның 16 кезіндегі Еркін Мадина (Талқылауы) істеген түзету

Нитрагин

Нитрагин—бұршақ дақылдарына арналып түйнек бактерияларынан дайындалған тыңайтқыш.Бұл бактериялар бұршақ дақылдары тамырларында түйнек құрып,ауадағы азотты бойына жинайды да,бұның біразын өсімдік пайдаланады.Мысалы,1 га егістікте—люпинде 150-200 кг,бедеде 300 кг,ас бұршақ пен жем бұршақта 60-100 кг атмосф. азот жиналады.Бұршақ дақылдарының әр түрінің өзіне тән түйнек бактериялары бар.Сондықтан Н-ді бактериялар ерекшелігін ескере отырып,өсімдік түріне сай,1 га таза топыраққа 70—300 млн. бактерия өсіру арқылы дайындайды.Н жаңа игерілген жерде,бұршақ дақылдарын алғаш егуде аса тиімді.Н-ді фосфорлы тыңайтқыштармен,ал қышқыл топырақта оны әк шашқаннан кейін қолданған жөн.

Дереккөз

Үлгі:Дереккөздер Қазақ совет энциклопедиясы