Николай Сергеевич Горюнов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:22, 2017 ж. сәуірдің 9 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography

Николай Сергеевич Горюнов(4.11.1921, Ресей, Мәскеу облысы, Димитров ауданы – 8.11.1991, Симферополь қ.) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының доктыры (1970 ж.).

В.Р. Вильямс атынд. Мәскеу гидромелиоративтік институтын бітірген (1949). 1949–52 ж. Тамбов аймақтық мелиорация-тәжірибе станциясының бөлім бастығы, 1952–53 ж. Белоруссия ауыл шаруашылығы академиясында аға оқытушы, 1953–54 ж.Херсон ауыл шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі, 1954–1957 ж. Кишинев ауыл шаруашылығы институтында доцент, 1957–1965 ж. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Суару және мелиорация» бөлімінің меңгерушісі. 1965–71 ж. Тараз гидромелиор.-құрылыс институтының «Мелиорация» кафедрасының меңгерушісі. 1971–91 ж. Херсон және Симферополь ауыл шаруашылығы институтарында кафедра меңгерушісі. Қазақстанда жұмыс істеген жылдары Горюновтың 100-ден астам ғылыми еңбектері, 4 монографиясы жарыққа шықты. Горюнов «Гидротехник анықтамасын» және Қазақстанның бір қатар облыстарында ауыл шаруашылығы тиімді жүргізуге арналған ұсыныстарды жасаған ғалымдардың бірі<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>