Николай Петрович Егоров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:52, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Николай Петрович Егоров (28 тамыз 1938 жылы туған, Ресей, Мәскеу қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1989), профессор (1992), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі (1991).

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1961) және Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1966) бітірген. Талдықорған облысының Сарқан ауданындағы «Пограничник» тәжірибелік-көрсеткіш кеңшарында аға зоотехник-селекционер (1961–62), Алматы облысы Қаскелең ауданындағы «Қазақ КСР-іне 50 жыл» кеңшарында, Қазақ құс шаруашылығы бойынша аймақтық тәжірибелік стансасында бөлім меңгерушісі (1966–69), директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1969–76), директоры (1976–92), Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры (1992–2000) болды. 2000 жылдан сол институтта бөлім меңгерушісі.

«Методы повышения эффективности использования кормов при интенсивном производстве мяса птицы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері Қазақстанның оңтүстік аймағы мен Орталық Азия республикаларының ыстық климатында құстарды дұрыс қоректендіруге, сыртқы орта факторлары мен құстар генотипінің өзара байланысын зерттеуге арналған. Егоров 162 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Николай Петрович Егоров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}