Николай Константинович Дмитриев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:50, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Дмитриев.jpg
Николай Константинович Дмитриев
Николай Константинович Дмитриев (9.9.1898 жылы туған, Москва - 22.12.1954, сонда) — түркітанушы. КСРО ғылым академиясының корр.-мүшесі (1943), КСРО Педагогикалық ғылыми академиясының акад. (1945), филология ғылыми докторы (1938), профессор (1930). Башқұрт АКСР-інің (1947), Түркімен КСР-інің (1950), Чуваш АКСР-інің (1953) еңбек сің. ғылым қайраткері. Москва мемлекеттік унивеситетін (1920), Москва шығыстану институтын (1922) бітірген. Араб, армян, герман, роман, славян, түрік тілдерін еркін меңгеріп, шығармаларын итальян, неміс, француз, орыс тілдерінде жазған. 1923 — 1925 жылдары Москва шығыстану инситутында кітапхана қызметкері. 1925 — 1954 жылдары Москва, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университеттерінде, шығыс институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Негізгі еңбекгері түркітану мәселелеріне арналған. "Түрік тілінің қүрылысы" (1939), "Құмық тілінің грамматикасы" (1940), "Башқұрт тілінің грамматикасы" (1948), "Түрік тілі" (1963) т. б. еңбектері жарық керді. "Хакас тілін және оның диалектілерін зерттеу мәселелері" (1954, бірлесіп жазған), "Түркі тілдерінің құрылысы" (1962) атты монографиялардың авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}