Николай Ильич Титов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Николай Ильич Титов (30.10.1906, Новосибирск облысы, Колыбань селосы - 24.04.1960 Алматы каласы) - орыс совет ақыны. Шаруа отбасында туған. Новосибирск техникумын бітірген зиялы азамат (1926 жылда).

Еңбектері жəне атқарған жұмысы

1929-1938 жылдарында Советская Сибирь, Молодая деревня, Большевисткая сталь қалалық облыс газеттердің редакцияларында, Новосибирсе радиокомитетінде қызмет істерді. 1939 жылдан бастап Қазақстанда тұрды. Николайдың алғашқы өлеңдер жинағы 1934 жылы жарық көрді. Ол -лирик ақын. Шекара (1938 жылы), Шахтердің қарышты қадамы (1946 жылы), Бесжылдық оттары (1949 жылы), Бейбітшілік вахтасында (1951 жылы), Əр жылдар жыры (1954 жылы),Телефоннан бас алмай (1955 жылы), Күз нышаны (1957жылы), Жалындаған жастық шақ (1960) т.б. өлең кітаптар шықты.

Таңдамалы шығармалар бірнеше рет (1956, 1962, 1966) басылды. Николай Ильич көптеген қазақ зиялылардың өлеңдерін орыс тіліне аударған. Ол көп тілді меңгерген ақын болатын.