Николай Иванович Баев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:15, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Николай Иванович Баев (1945 жылдың 9 мамырында туған, Саратов облысы,Васильевка ауылы ) – тау инженері, заңгер. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты (1994).

Өмірбаяны

Білімі

1969 жылы Мәскеу геологиялық барлау институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылы Қазақ Ұлттық Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Қызмет жолы

Еңбек жолын Орал облысындағы кеңшар комбайыншының көмекшісі болып бастаған.

19581964 жылдары Орал механикалық зауытының токары.

19721988 жылдары Каспий маңы тау-металлургиялық комбинатының мастеры, бастығының орынбасары, телімінің бастығы, аға инженері, бас инженері, карьер бастығы, кеніш директоры.

19881991 жылдары Шевченко қалалық партия комитетінің бірінші секретарі.

19901991 жылдары Маңғыстау облыстық партия комитетінің секретарі.

19911992 жылдары Ақтау қалалық атқарушы комитетінің председателі.

19921994 жылдары Ақтау қалалық администрациясының басшысы.

19941995 жылдары 13-ші шақырылымының ҚР Жоғарғы Кеңес депутаты.

наурызқазан 1995 жыл аралығы - ҚР министрлер кабинетінің қарамағындағы қорғаныс өнеркәсібінің председатель орынбасары.

19951997 жылдары ҚР экология және биоресурстар министрі.

қазанқараша 1997 жыл аралығы - ҚР премьер-министр кеңесшісі.

19971999 жылдары Маңғыстау облысы әкімі.

19992007 жылдары «ҚазақТүрікМұнай» БК ЖШС генералды дирекциясының кеңесшісі.

2007 жылдың наурызынан бері - «ҚазақТүрікМұнай» БК ЖШС ҚР үкіметімен бірге байланыс және заңдық сұрақтар бойынша басқарушы.

Марапаттары

  • Парасат ордені
  • Астана медалі
  • ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
  • ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл медалі

Дереккөздер

<references/>