Николай Герасимович Помяловский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:13, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы Николай Герасимович Помяловский (23.04.1835, Санкт-Петербург — 17.10.1863, сонда) — орыс жазушысы.

1857 ж. Санкт-Петербург діни семинариясын бітірген. Помалявский шіркеудің қара түнектігі мен қаталдығын сынап «Бурса очерктерін» жазды. Санкт-Петербург университетінде лекция тыңдай жүріп революцияшыл студенттермен жақындасты, революцияшыл демократтардың идеялық, эстетикалық программаларының ықпалында болды. «Современник» журналында «Мещандық бақыт», «Молотов» повестері мен «Бурса очерктері» (бітпей қалған) жарияланды. М. Горький Помалявскийді қоғамшыл жазушы, мещандықты әшкерелеуші ретінде бағалап, өз ұстаздарының бірі ретінде атады.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том</ref><ref>Писарев Д. И„ Погибшие и погибающие, Соч„ т. 4, М„ 1956; Я м - польский И. Г„ Н. Г. Помяловский. Личность и творчество, М.—Л„</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер