Неменов Леонид Михайлович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:18, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Неменов Леонид Михайлович (16.11.1905, Днепропетровск қаласы, Украина – 20.7.1980, Алматы) – ғалым, техникалық ғылымдар докторы (1949), профессор (1962), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962). Ленинград мемлекеттік университетін бітірген (1929). 1929 – 68 ж. Ленинград физика-техника институтында, КСРО ғылым академиясының И.В. Курчатов атындағы Атом энергиясы ин-тында, Қазақстан ғылым академиясының Ядролы физика институтында ғылыми қызметпен айналысқан. 1963 – 68 ж. Қазақстан ғылым академиясының физ.-матем. бөлімшесінің академигі-хатшысы, Қазақстан ҒА Президиумының академигі-хатшысы қызметтерін (1967 – 68) атқарды. 1968 – 80 ж. Бүкілодақтық физика-техника және радио-техника өлшеулер ғылыми-зертеу институтының үдеткіштер орт-ның бастығы болды. Негізгі ғылыми еңбектері диэлектриктер мен шала өткізгіштер физикасына, ядрлы физикаға және үдеткіштер техникасына арналған. Неменовтың басшылығымен КСРО-да масса ақауын өлшеуге арналған алғашқы прецизиондық масс-спектрограф (1937) және полюстерінің диаметрі 1200 мм циклотрон (1946) жасалды. Қазақстанда болған кезінде Неменов иондарының энергиясы реттеліп отыратын изохронды циклотрон жасап өндіріске енгізді (1965). КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған (1953). 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы 7 том 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Неменов Леонид Михайлович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}