Наурыз хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:02, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Наурыз хан, Наурыз ибн Мұхаммед, Навруз, Наурус, Ноуруз (туған жылы белгісіз – 1360) – Алтын Орданың ханы (1360 жылы, қаңтар – маусым).

Биографиясы

Шығу тегі белгісіз, кейбір деректер бойынша Бату ханның немесе оң қанаттағы билеуші әулеттердің бірінің ұрпағы. Ол Жәнібектің бәйбішесі Тайдұлу бегім мен оның жақтастарының қолдауымен Бердібектің мұрагері Күлна хан және оның екі баласы Михаил мен Иванды өлтіріп, билікке келген. Наурыз хан 1358 – 59 жылдары өз атынан күміс, мыс теңгелер соқтырды. Бұл теңгелерде оның Мұхаммед деген мұсылманша аты жазылған. 1360 жылдың ортасында Тайдұлу бегім бастаған топ енді Шайбани әулетінен Құзырды (Хызыр) хан етіп көтерді. Алайда Құзыр билікке келген соң Наурыз ханға қоса Тайдұлу бегімнің өзін де өлтірді. Осы кезден бастап Алтын Ордада шайбани әулеті мен Ақ Орда билеушілерінің рөлі артты. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Алтын Орда хандарыru:Науруз хан