Наталья Васильевна Дмитрюк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:44, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Наталья Васильевна Дмитрюк (1951 жылы 16 ақпанда туған Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау қаласы) – филология ғылымының докторы (2000), профессор.

Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1972). Еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 19742001 ж. Шымкент педагогикалық институтында оқытушы, доцент, орыс тілі мен әдебиетін оқыту методикасы кафедрасының меңгерушісі (1991 – 96), тіл жөніндегі департамент меңгерушісі (19972001), «Мирас» университеті ақпараттық педагогика факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті орыс тілі кафедрасының профессоры болып еңбек етеді. 1985 ж. кандидат диссертациясын Мәскеу қаласында қорғаса, 2000 ж. жалпы тіл білімі, психолингвистика, социолингвистика салалары бойынша докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам зерттеу жұмыстары жарық көрген, оның ішінде 20 шақты оқулықтар мен лекция топтамалары бар. Дмитрюктың жетекшілік етуімен 4 ізденуші кандидат диссертация қорғаған. Облыстық әкімшілік тарапынан «2004 жылдың үздік ғалымы» деп танылған.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наталья Васильевна Дмитрюк|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}