Наным

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:05, 2017 ж. сәуірдің 21 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Наным<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>– дүниеге көзқарастың құрамдас бөлігі. Философия және психология тарихында наным теориясының үш түрі кездеседі: көбінесе сезім ретінде қарастырылатын эмоциялық наным (Юм,Джеймс, тағы басқа); интеллектінің феномені ретінде түсіндірілетін интеллектуалдық наным (Дж. Ст. Миль,Брентано,Гегель, тағы басқа); ерік атрибуты деп танылатын жігерлі наным. (Декарт,Фихте, тағы басқа).

  • Наным объектілері – табиғи және әлеуметтік өмір шындығының фактілері, құбылыстары мен даму үрдістері субъектіге сезімдік жағынан берілмеген және мүмкіндік түрінде ғана көрініс табады.
  • Наным – дүниені, өмірді, адамдар қарым-қатынасын танып-талдап және ой елегінен өткізіп, игеруден туатын тұжырым-түйін. Нанымсыз дүниеге көзқарас жүрекке жетпеген, санаға сіңбеген, көңілге қонбаған абстрактылы түсінік болып қалады. Нанымға айналған білім-түсінік адамды ешқашан немқұрайды қалдырмай, іс-қимылға бастайды, адамның тұлғалық ұстанымына айналады. Сондай-ақ оған ие болған адамды өзгертіп, көзін ашады, бойындағы қабілеттерді оятып, жігерлендіреді, өмірдегі келеңсіз құбылыстарға қарсы тұрғызады. Наным адамға сыртқы күшпен, үгіт-насихатпен таңылмайды. Оған адам ойланып, толғанып өз еркімен жетеді. Адам өз нанымынан оп-оңай бас тартпайды, керісінше, оны табандылықпен қорғайды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>