Намаз Ізімбергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:01, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Ізімбергенов Намаз (25.12. 1937 жылы туған, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Ащымұрын-Сарытас ауылы) – ғалым, медицина ғыл. докт. (1978), профессор (1982), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі (2004), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1998). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1964). КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Орталық дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының аспиранты (1966 – 69). 1966 жылдан қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясында ассистент, доцент және кафедра меңгерушісі (1979 жылдан). Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары бауыр-өт жолдарының ауруларын емдеу, жедел хирург. ауруларды емдеу тәжірибесінде соңғы эндовидеоскопиялық әдістерді тиімді пайдалану жолдарына арналған. Ізімбергенов іш қуысының жедел ауруларының іріңді асқынуларының алдын алу, тиімді емдеу әдістерін жетілдірді. Бауыр-өт жолдарына жасаған операциядан кейін бауыр жетіспеушілігінің жаңа жүйесін, алдын алу және тиімді емдеу әдістерін (ішек-қарынға оттек, озон ерітінділерін жіберу, әсерлі дәрілерді кіндік тамыр арқылы тікелей бауырға құю, т.б.) ұсынды. Іш қуысының іріңді қабынумен (перитонит) асқынған ауруларын емдеудің ашық әдістерін, іш қуысын операциядан кейінгі кезде жуып-тазалаудың лапароскоп. әдістерін тәжірибеге енгізді. Ізімбергенов Қазақстанда тұңғыш рет озон ерітінділерін ішек бойына, көктамырға құю әдісін тәжірибеге енгізді. Бала жолдасының (плацента) емдік әсерін зерттеп, оны пайдалануға негізделген бірнеше жаңа ем әдістерін ашты. Қазір медицинаның этикалық-деонт. мәселелерімен айналысады. 17 патент пен куәліктің иегері, 200-ден астам ғылыми еңбектері және 5 монографиясы, қазақ тілінде студенттерге арналған оқу құралдары, хирургиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігі, дәрігерлерге арналған хирургиялық нұсқаулары жарық көрді. Оның жетекшілігімен 5 докторлық және 27 кандидаттық диссертация қорғалды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Шығ.: Открытый метод перитонита, А., 1994; Хирургиялық деонтология, А.., 1994; Послеоперационный перитонит, А., 1997, (соавт.); Гемоплацентоперфузия в хирургической клинике, Актобе, 2003 (соавт.); Іш қуысының жедел хирургиясы, Ақтөбе, 2006 (телавт.). А. Рақышев</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Намаз Ізімбергенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}