Мәуен Хамзин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәуен Хамзин (1 қазан 1949 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Кеңшоқы ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003).
Өмірбаяны
- Қарағанды мемлекеттік университетін (1973) бітірген.
- Қарағанды облысы Шет ауданында мұғалім, мектеп директорының орынбасары (1973–1982)
- Жезқазған педагогика институтында аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1982–1996)
- Жезқазған университетінде (1996–1998) кафедра меңгерушісі.
- Қарағанды мемлекеттік университетінде (1998–2005) кафедра меңгерушісі
- Еуразия ұлттық университетінде профессор (2005–1907) қызметтерін атқарды.
- 2007 жылдан «Болашақ» университетінде (Қарағанды қаласы) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор.
Ғылыми еңбектері
- «60–80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}