Мәмбетнияз Төлепұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға

Мәмбетнияз Төлепұлы (шамамен 1801, Маңғыстау ойы – 1876) – би, сардар.

Өмірбаяны

Ер Төлеп Әнетұлының 13 ұлының бірі, ел тізгінін ұстаған би, сардар.

Мәмбетнияз 1868 жылғы патша өкіметінің «Жаңа низам» басқару жүйесіне, үй басына салық салуына қарсы «Ғафурдың ауасы» аталған Адай көтерілісінің бел ортасында болған тұлға. Бұл кезде ол төменгі және жоғарғы екі дистансаға бөлінген сегіз арыс Адайдың ішкі билігін, халық қалауымен сайланып кеңеспен шешіп отырған алты сардардың бірі және бас сардары болды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Тұлға мінездемесі

Есен Ермембет бидің Хиуа ханымен жауаптасуында Үлгі:Start citation «Елімнің сахи мырзасы деп Төлепұлы Мәмбетниязды атаймын», Үлгі:End citation – деген бағасы, оның ұрпаққа тәлімдік үлгісі мол тұлға екендігінің кепілі. Мәмбетнияздан жеткен сөз нұсқалары арасында шоқтығы биігі – ел тұтастығын сақтауға қызмет еткен «Үш ананың дауын» шешуі (Мәмбетнияздың «Сақал сипар бітімі»). Ақын Мұрат Өскінбайұлы: Үлгі:Start citation «Ар жағым алаш, бер жағым Үш ананың баласы», Үлгі:End citation – деп жырлаған Алшын рулар бірлестігінің (байұлы, әлімұлы, жетіру) үш бөлімі арасындағы 19-ғасырдың орта тұсындағы жанжал Ығылман Шөрекұлының «Исатай – Махамбет» жырының негізгі желілерінің бірі. Салмағына белі шыдас беретін жылқы табылмаған, ірі денелі Мәмбетнияз халық қалауымен бітімгерлікке шақырылып, жиынға сылаң құйрық сары атанмен барып, дау түйінін екі ауыз сөзбен түйіндеп бата жасаған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәмбетнияз Төлепұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}