Мәдімар Райымбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:55, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мәдімар Райымбекұлы (1864 – 1923, Әулиеата уезі Көшеней болысы) – қоғам қайраткері.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Өмірбаяны

Әулиеатада молдадан, Ташкентте медреседе оқыған. 19 жасында Көшеней болысы болып сайланған. Мәдімар әділдігімен, тазалығымен аты шыққан. Көрші қырғыз елінен, Оңтүстік Қазақстаннан, Арқадан келіп Әулиеатадан әділдік іздегендер Мәдімар болыстың алдына баратын болған. Ел ішінде Мәдімар айтты деген өлеңдер, шешендік сөздер көп. Олардың бірсыпаралары жинастырылып бастырылды (Я.Шынәсілұлы. «Мәдімар болыс», М.Райқұлов «Бестерек шежіресі», т.б.). Райымбекұлы – реформаторлығымен аты шыққан болыс. Байзақ датқаның ісін жалғастырып, көптеген каналдар қаздырып (Райымбек бөгеті, Белқожа каналы т.б.) елді отырықшыландырған, егіншілікке, басқа да кәсіпке үйреткен. Жалғыз атты атанған кедей болыс өзі үй-жай салдырған. Кейіннен ол мектеп үйі болған.

Жетістіктері

Райымбекұлының ақ тамы аталған бұл үйді бүгінгі ұрпақтары қайта жөндеп, мешітке айналдырды. Қазір бұрынғы Ынтымақ ауылы Мәдімар аталып, онда Райымбекұлына ескерткіш орнатылды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәдімар Райымбекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}