Мәдина Қожбанқызы Бегалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:13, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мәдина Қожбанқызы Бегалиева (19.3.1899, Жәнібек ауданы - 1974, Алматы) —Қазақстанның партия совет қызметкері, қоғам қайраткері, қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш инженер. Бұрынғы Бөкей ордасы, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1920 жылдан КПСС мүшесі болған . 1916ж. Хан ордасындағы үш жылдық педагогтық курсты, Ордадағы партия-сов. мектебін (1922), Бүкіл Одақтық өнеркәсіп академиясын (1935) бітірді. 1916-1920 ж. мұғалім болды. 1922-1935 ж. Бөкей, Орал губ. және Сырдария окр. партия комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, БК (б)П Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан өлкелік өнеркәсіп одағы председателінің орынбасары, 1935-1943 ж. Балқаш маңы мыс қорыту з-дында смена инженера және инженер-металлург болды. 1943-1948ж. Гурьев обл. партия комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, Қаз. СССР Мемлекеттік бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан одақтық дербес пенсионер. Б.,РК(б)П Қазақстан өлкелік 5 конференциясының және ҚАССР Советтері 4-съезінің делегаты. Орден және медальдармен марапатталған.



<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002; 

Қазақ Совет Энциклопедиясы -Алматы қаласы,1973 жыл, 2-том (Бас редакторы М.Қ.Қаратаев.)

ISBN 9965-607-02-8 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}