Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәдениет (телеарна)"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
10:36, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Lang-ruҮлгі:Otheruses Үлгі:Телеарна
«Мәдениет» телеарнасы – Қазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар тарататын алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыратын бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылып отыр.
Тарихы
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау, көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру бағытында әзірленген отандық және шетелдік үздік телехабарлар мен деректі фильмдерді қалың көпшілік назарына ұсыну басты мақсаты болып табылады. «Мәдениет», «Ретро» және «Тарих» сияқты үш арнаны тоғыстыра отырып, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты назарда ұстайды. Мұрағат бағдарламалары мен шетелдік өнімдердің үздік үлгілерін ұсына отырып, эфир уақытының 30%-ын алып отыратын қазіргі заман талабына сай форматта жасалатын ток-шоу, телевизияға арналған музыкалық және драмалық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер, телехикаялар, түрлі жанрдағы арнайы жобаларды әзірлемек. Бұл бағдарламалар көпшілік көрерменнің дүниетанымын кеңейте отырып, мәдениеттің рухани қазынасынан сусындауға, қазақ елінің өнегелік құндылықтарын дәріптеп, соның қадір-қасиетін ұғынып, сақтай білуге мүмкіндік береді. «Мәдениет» телеарнасын спутниктік, кабельдік және Интернет желілерінің пайдаланушылары көре алады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Телеарна 80 пайыз мемлекеттік тілде және 20 пайыз өзге тілдерде хабар тарататын болады. «Мәдениет» арнасын ашудың негізгі мақсаты - көрермен қауымды отандық және әлемдік мәдениеттің нәрімен сусындату. Ол үшін жаңа телеарнада ең үздік қазақ киносы, Кеңес одағы кезінде шығарылған көркем туындылар, деректі фильмдер, әлемдік киноматографияның бірегей туындылары, атақты тұлғалардың өмірбаянына арналған бағдарламалар , опера және балет бағдарламалары, телеспектакльдер тағы да басқа мәдени жобалар көрсетілмек.
Атап айтқанда, «Ақ сарай», «Сол жылдар», «Өркениет», «Қыл қалам», «Ғасырлар пернесі», «Алтын көмбе», «Кітапхана», «Әлі есімде» бағдарламалары, сондай-ақ «Абай», «Қазақ даласының құпиялары» сияқты деректі фильмдер көрерменге жол тартпақ.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Бағдарламалар
- Неслучайные встречи
Танымал әнші Карина Абдуллина сахнагерлермен, әншілермен, режиссерлермен, жазушылармен кездесулерді өткізеді.
- Мәдениет жаңалықтары
Мәдениеттiң әлемдік және қазақстандық көкейкестi жаңалықтары.
- Көкжиек
Теледәріс форматындағы ғылыми-танымдық жоба.
- Алтын көмбе
Бағдарламаның басты мақсаты – кітаптарға сүйіспеншілікті ояту.
- Өркениет
Бағдарламаның негізгі арқауы: қарыштап дамыған заманауи мәдениеттің артықшылығы, жаһандану мәселелері болмақ.
- Раскрытая партитура
Бағдарламаның негізінде – классикалық музыка, жанрлар, орындаушылар, классикалық музыканың жекеленген шығармалары.
- Легенды и мифы Оперного
Музыкалық танымдық жанрдағы бағдарламалар циклі опера және балет өнерінің әйгілі тұлғалары туралы болмақ.
- Қыл қалам
Қазақстан суретшілерінің антологиясы.
- Кітапхана
Бағдарламаның негізгі өзегі – қазақ әдебиетінің кеңінен танымал шығармалары мен көне жәдігерлер туралы осы сала мамандарының пікірлері.
- Ғасырлар пернесі
«Қазақконцерт» залында өтетін музыкалық кештер.
- Әлі есімде
Ән тарихына арналған бағдарлама.
- Ақ сарай
Жоба барысында дәстүрлі өнерге қатысты көптен бері көкейде жүрген мәселелер көтеріледі. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
БАҚ Телеарна туралы
- «Мәдениет» телеарнасы ашылды http://www.inform.kz/kaz/article/2407750
- «Мәдениет» телеарнасы көрерменге жол тартты http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=4791
- «Мәдениетті» қашан көреміз? http://alashainasy.kz/interested/18092/
- «Мәдениет» телеарнасының салтанатты тұсаукесері өтеді http://www.kazlife.com/story/v/9095
- Қазақстанда бүгін «Мәдениет» телеарнасы хабар тарата бастайды http://baq.kz/kaz/news/cat/7/6121
- «Мәдениет» телеарнасының салтанатты тұсаукесері өтеді http://www.kazlife.com/story/v/9095
- «Мәдениет» телеарнасы http://www.on.kz/u43776/blogpost/30915/
- «Мәдениет» телеарнасының салтанатты тұсаукесері өтеді http://qogam.kz/aqparat-aydyny/madeniet-telearnasyinyin-saltanattyi-tusaukeseri-otedi/
- «Мәдениет» телеарнасы көрерменге жол тартты http://kiwi.kz/watch/495w8ymswreg/
- «Мәдениет» телеарнасы ашылды http://new.tv7.kz/kz/news/o_i_alar/24407/
- «Мәдениет» телеарнасы тәулігіне 16 сағат хабар тарататын болады http://www.bnews.kz/kk/news/post/59153/
- «Ұлттық құндылықтардың айнасы» http://www.kazlife.com/story/v/9095
- «Мәдениет» арнасы ашылды http://thenews.kz/2011/09/27/925584.html
- Асқар Жұмағалиев: «Жаңа «Мәдениет» телеарнасы ел тәуелсіздігін нығайтуға және мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесін қоса алады» http://www.baq.idhost.kz/kaz/news/cat/7/6127?PHPSESSID=81c2682c25eb26d982f1c9a07e581657
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Телерадио Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы