Мұқамеджан Әбдіқалықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:24, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұқамеджан Әбдіқалықов (1907 жылы туған), партия, кеңес қайраткері. Ақмола уезінде жұмысшы отбасында туған. 1932 ж. Қазақтың Абай атындағы педогогика институтын бітірді. 1932-33 ж. ғылыми жұмыстарда, 1933-38 ж. Қазақстан өлкелік комсомол және облыстық партия комитеті аппаратында жауапты қызмет атқарды. 1938-1941 ж. ҚазКСР оқу халық комиссары, ҚазКСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары, 1941-42 ж. еңбекшілер депутаттары Алматы қалалық аткомының төрағасы, 1942-47 ж. Қазақстан КП ОК-нің үгіт және насихат жөніндегі хатшысы, 1947-1967 ж. Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында аға ғылыми қызметкер болып, марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін аударуға тікелей ат салысты. Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1938-1948) және ОК бюро мүшесі (1942-48); 1-2-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 2-сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}