Мұхтар Бақтыгереев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:34, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Мұхтар Бақтыгереев.TIF
Мұхтар Бақтыгереев

Мұхтар Бақтыгереев (15 маусым, 1933, Атырау11 маусым, 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1991).

Өмірбаяны

  • Театрға деген құштарлық сезімі мектепте жүрген кезінен оянып, 15 жасында Атырау облысаралық драма театрына орналасады. Сонда жүріп Баймағамбет (Ғ. Мұстафиннің “Миллионерінде”), Қодар (Ғ. МүсіреповтіңҚозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Петруччо (У. Шекспирдің “Асауға–тұсауында”), Аңдамас (М. Ақынжанов пен Қ. Қуанышбаевтың “Майрасында”) рөлдерімен назарға ілінеді.
  • Осы еңбектерінен актерге қажет еңбекқорлық, зеректік, әсершілдік қасиеттерді байқаған театр басшылары дарынды баланы Алматыға оқуға жібереді.
  • 1956 жылы Алматы театр училищесін бітіреді.
  • Сол жылдан бастап Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істейді.

Мұнда Ақын (Ж. Жұмахановтың “Қарагөз қарындасымында”), Асанбай (Ш. Хұсайыновтың “Біздің Ғаниында”), Қарасай (Б.Майлиннің “Шұғасында”), Құдияр (И. Байзақовтың “Ақбөпесінде”), Нұри (Н. Хикметтің “Әпендесінде”), Құнанбай (“Жас Абай” инсценировкасында), Осман (Р.Ғамзатовтың “Тау қызында”), Дәруіш (М. Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Клавдий (У. Шекспирдің “Гамлетінде”), Науан (Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Ілияс (Ш. Айтматовтың “Арманым — Әселімінде”), Доғал (М. Әуезовтің “Алуасында” Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1984), Мамаев (А.Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), т.б. рөлдерді ойнайды. Бақтыгереев сомдаған Құнанбай, Науан, Қарасай образдары терең психология астарымен, сараң қимыл, сарабдал мінезімен есте қалады.

  • Бақтыгереев 60-тан астам киноға түсті, қазақ кинодубляжына белсене қатысты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Сурет:Алуа спектаклі.TIF
Мұхтар Бақтыгереев Мұхтар Әуезовтің «Алуа» спектакліндегі Доғал рөлінде
Сурет:Отырар ертен қирайды спектаклі.TIF
Мұхтар Бақтыгереев «Отырар ертен қирайды» спектакліндегі Қайыр хан рөлінде

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті