Мұхтар Ақатұлы Аюбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Мұхтар Ақатұлы Аюбаев.JPG
Мұхтар Ақатұлы Аюбаев

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев (22 тамыз, 1959, Алматы облысы Шелек ауданы (қезіргі Еңбекшіқазақ ауданы) Түрген ауылы) - Қазақстан Президенті Сақтандыру Қызметінің бастығы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>, 2013 жылдың наурыз айнда Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, генерал-лейтенант.<ref name="kt.kz">ҚР Республикалық ұланының жаңа қолбасшысы тағайындалды</ref>

Қысқаша Өмірбаяны

  • 1959 жылы 22 тамызда Алматы облысы Шелек ауданының Түрген ауылында туған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
  • Әкесі - Аюбаев Ақат Рәшұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, Алматы облысы Кербұлақ ауданында кеңшар директоры болып жұмыс істеген. Анасы - Аюбаева Гания Бекқұтымқызы (1939 жылы туған), зейнеткер.
  • Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының инженерлік-механикалық факультетін (1981) «Жеңіл өнеркәсіп машиналары және аппараттары» мамандығы бойынша;
  • КСРО МҚК жоғары курстарын (Минск қаласы, 1985);
  • Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
  • 1975 жылдан - ұжымшар жұмысшысы.
  • 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1983 жылдан - Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы.
  • 1984 жылдан - КСРО МҚК жоғары курстарының курсанты.
  • 1985 жылдан - «Жетісу» Алматы өндірістік аяқ-киім бірлестігінің слесарь-жөндеушісі;
  • Пақтаарал АБ жедел өкілі, Сайрам АБ жедел өкілі, Шымкент облыстық ҰҚКБ жедел өкілі.
  • 1991 жылдан - Талдықорған облыстық ҰҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі, хатшылық-басқармасының бастығы.
  • 1995 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президентінің жеке күзеті келулерді қамтамасыз ету бөлімінің бөлімше бастығы, жеке күзет бөлімі бастығының орынбасары, ҚР Президентінің Күзет қызметі бірінші департаменті бастығының орынбасары.
  • 2002 жылдан - ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
  • 2004 жылдың ҚР Республикалық гвардиясы қолбасшысының бірінші орынбасары.
  • 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президентінің Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
  • 2006 жылдың наурыз айынан бері - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы.
  • 2013 жылдың 6-наурыз күні Мұхтар Аюбаев Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды.<ref name="kt.kz"/>

Марапаттары

  • II дәрежелі «Айбын» орденімен (2004);
  • 8 медальмен.
  • ҚР ПКҚ «Қазақстан Елбасы қорғаны» (2002)
  • «Кеңес Әскерінің үздігі»
  • «Милиция озаты» белгілерімен марапатталған
  • түрлі ведомстволық сыйлықтармен көтермеленген.
  • ҚР Президенті Күзет қызметінің Құрметті қызметкері.
  • Алматы облысы Құрметті азаматы.
  • «Шебер» біліктілік санатына ие (1-ші санаттағы маман тәлімгер).
  • Еркін күрестен спорт шебері.

Үй жағдайы

  • Үйленген. Жұбайы - Аюбаева Жамал Әкімқызы (1960 жылы)
  • Ұлдары - Алмас (1984 жылы туған), Айбол (1987 жылы туған);
  • қызы Әлипа (1993 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>