Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:01, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12 желтоқсан 1960 жылы туған, ҚХР, Шәуешек қаласы) – ҚР мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметітк ғылымдар академиясының академигі (2001).

Өмірбаяны

Қытай Халық Респубикасының Шәуешек қаласында туған. 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға оралып, Мақаншы ауылына орнығады (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы).

  • Қазақ мемлекеттік университетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
  • «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы, 1982–1992).
  • «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
  • Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы).
  • 1995 жылы «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары» (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады.
  • 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001).
  • 2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
  • ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
  • ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы (Астана, 2003–2006).
  • ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы, (Астана, 2006-2007).
  • Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды (Қызылорда, 2007–2008).
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010).
  • ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012).
  • ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013).
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).
  • 2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).<ref>http://www.akorda.kz/ru/page/page_220222_rasporyazheniem-glavy-gosudarstva-kul-mukhammed-mukhtar-abraruly-naznachen-sovetnikom-prezidenta-respu Президент кеңесшісі лауазымына тағайындау</ref>
  • 2016 жылғы 6 мамырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ғылыми жұмыстары

  • «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары».
  • «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)».
  • Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
  • 200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы.

Марапаттары

  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996),
  • «Құрмет» ордені (2004),
  • «Парасат» ордені (2010),
  • 6 мерейтойлы медалімен марапатталған,
  • Астана қаласының құрметті азаматы,
  • Абай ауданының құрметті азаматы.<ref>http://forbes.kz/process/predvyibornyiy_shtab_nazarbaeva_vozglavil_muhtar_kul-muhammed</ref>

Дереккөздер

<references/>