Мұхаммед әш-Шайбани

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:23, 2016 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына аш-Шайбани, Әбу Абдаллах Мұхаммед б. әл - Хасан(Үлгі:Lang-ar) (749, Ирак, Уасит қ. - 805) - факих, мұсылмандық кұқықты айқындаушылардың бірі. 14 -18 жасыңда Әбу Ханифадан дәріс алды, содан соң біршама уақыт бойы Әбу Иусуфтен оқыды. 20 жасында Куфаның бас мешітінде уағыз айтады. Суфиан ас-Саури (777 - 78 жылы өлген) мен Абд ар-Рахман әл-Әуза-и (774 жылы өлген) материалдарын пайдалана отырып, хадистерді зерттеумен айналысады. Мединеде үш жыл бойы Малик б. Анастың дәрістерін тыңдады. Иракқа қайтып оралған соң, аш-Ш. Бағдаттағы беделді факиһтердің бірі болды. Аш-Шайбани 792 - 93 ж. зайдшыл имам Йахиа б. Абдоллаһты қолдап сөз сөйлегені үшін халифа ар-Рашидке ұнамай қалады. Алайда, сәл кейінірек, халиф өз ордасын Ефратқа көшіруге бел буған кезде ол аш-Шайбаниді өзінің жаңа астанасы Ракканың қадиы етіп тағайындады. 805 ж. ар-Рашид Хорасанға аттанып бара жатып оны ол жақта да қазы қызметіне тағайындау үшін өзімен бірге алып кетті. Бірақ аш-Шайбани жаңа қызметіне кірісуге үлгірмей орта жолда - Рей қаласының маңында қайтыс болды. аш-Шайбани өзінің көзқарастары бірінші тәлімгерінің көзқарастарымен көп жағдайда үйлеспесе де өз шығармаларында Әбу Ханифа мұраларын жинақтады. Ол фикһ бойынша «әл-Мабсут» (оның басқаша атауы - Китаб әл-асл фил-фуру) жинағын және оған қосымша «Китаб әз-зийадат» кітабын, фикһ бойынша үлкен анықтамалық «Китаб ас-сагир» кітабын құрастырды. Әскери құқық мәселелерін түсіндіретін, бізге тек ас-Сарахси түсініктемелерінің құрамында жеткен «Китаб ас-сийар әл-кабир» кітабын, сондай-ақ арнайы Әбу Ханифа мұраларына арналған еңбек - «Китаб әл-асар» кітабын заңды айналып өтушілердің қулық- сұмдықтары мен олардың алдын алу жолдары туралы шығарма - «Китаб әл-махаридж фи-л-хийал» кітабын (бұл шығарманың әш- Ш-діні екендігіне күмәнданушылар бар) және басқа да көлемі шағын шығармалар жазды. Малик б. Анастың «әл-Муваттасын» құрастырып, оған түсініктеме жазған да аш-Шайбани болып табылады. Оның шәкірттерінің арасындағы көпшілік мойындаған ең белгілі адам - Мұхаммед аш-Шафиғи, шафишілдер мазһабының негізін салушы.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub