Мұхаммед әл-Усәймин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:00, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым

Мұхаммед ибн Салих ибн Мұхаммед ибн Сүлеймен ибн Әбдуррахман әл-Усәймин әл-Уһәйби әт-Тәмими (Үлгі:Lang-ar) — 1929 жылы 29 мамыр күні Сауд Арабиясының ал-Қасым ауданындағы Унайза қаласында дүниеге келген XX-шы ғасырдың танымал мұсылман ғалымы. Кішкене кезінен зеректілігімен көзге түсіп, өз заманының көптеген ғалымдарынан білім алған. Шариғат ғылымдарын, оның ішінде фиқһ мәселелерін жетік білген. Оның арғы атасы Усман "Усәймин" деген атпен белгілі болғасын, шейхтің отбасын солай атай бастайды. Усәймин отбасы Муқбиль әулетінен, Муқбиль әулеті Захир аулетінен тараған. Захир әулеті өз кезегінде Мұхаммед ибн Әләуи ибн Уһәйбтен таралатын Уәһба әулетінің бір бөлігі.

Білім ізденуі

Қасиетті Құран Кәрімді шешесі жағынан атасы болған шейх Әбдуррахман ибн Сүлеймен әд-Дәмиғтан үйренеді. Сонымен қатар жазуды, әдебиет пен арифметиканы да оқиды. Құранды, фиқһ және басқа да пәндердің кітаптарын жаттайды.

Мансаптары мен қызметтері

Үлгі:Мұсылман ғалымдары

  • Һиджри 1370 ж. бастап Унайза қаласының үлкен мешітінде сабақ бере бастайды. 1374 ж. Унайзадағы ғылыми институтта ұстаздық қызметін жалғастырады.
  • Әбдуррахман әс-Сағдидің өлімінен кейін оның орнына мешіттің имамы болып, Унайзадағы Ұлттық кітапханада сабақ береді.
  • Һиджри 1398 ж. бастап өмірінің аяғына шейін әл-Қасымдағы Мұхаммед ибн Сауд атындағы университетте сабақ береді.
  • Құран Кәрімді оқытуға арналған қайырымдылық қорын ашылған күннен бастап өмірінің соңына дейін басқарады.
  • Һиджри 1398-1340 жж. Мұхаммед ибн Сауд атындағы Ислам университетінің Ғылыми Комитетінің мүшесі болады.
  • Сонымен қатар һиджри 1407 ж. бастап Сауд Арабиясының Үлкен Ғалымдар комитетінің мүшесі болады.
  • Һиджри 1414 ж. патша Ислам дініне атқарған қызметі үшін патша Фейсал атындағы сыйлықпен марапатталады.
  • Қажылық кезінде, Рамазан айы мен жазғы демалыс уақытында шейх Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мединедегі Пайғамбар мешітінде әртүрлі тақырыптағы сабақтар мен дәрістер өткізді.

Дүниеден озуы

Шейх әл-Усәймин 2001 ж. 10-шы қаңтарында Джидда қаласында кешке таман қайтыс болады. Қасиетті Меккедегі әл-Харам мешітінде өткен жаназасына мыңдаған адам жиналып, оның денесі Меккеде жерленді.<ref>http://alhadis.ru/books/tarajimululama/81-sheihuthaimeen#_ftn1 Alhadis.ru сайтындағы шейх әл-Усәйминнің қысқаша өмірбаяны</ref><ref>http://www.ibnothaimeen.com/all/Shaikh.shtml Шейх әл-Усәйминнің ресми сайтындағы өмірбаяны</ref>

Кітаптары мен ғылыми еңбектері

Шейх әл-Усәймин өзінен кейін Ислам діні мен шариғат туралы көптеген кітаптар, мақалалар мен аудио-таспалар қалдырды.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Шейх әл-Усәйминнің ресми сайты

Тағы қараңыз