Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев(1887 – 1941) – қоғам қайраткері.

  • Мырзағалиев болыстық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орал әскери училищесінде, 1908 – 14 жылы Марийнск ауыл шаруашылық мектебінде оқыған.
  • 1919 жылы қыркүйекте Жайықтың қазақ бөлігі мен Бөкей ордасын басқару үшін құрылған Қазревком Орал бөлімшесі төрағасының орынбасары
  • 1920 жылы Жымпиты уездік ревкомның төрағасы болды.
  • Сол жылы мамырда РК(б)П Қазақ облысы ұйымдастыру бюросының құрамына енді. Тамыздың басында Бүкілресейлік Төтенше комиссиясының уәкілетті өкілінің орынбасары және Орынбор – Торғай Төтенше комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
  • 1920 жылы қазан айында өткен Бүкілқазақ кеңестерінің құрылтай съезінде Қазақ АКСР-і ОАК мүшесі және ішкі істер халкомы болып сайланды.
  • Желтоқсанда Қазақ АКСР-і Халкомкеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ еңбек және қорғаныс кеңесінің төрағасы
  • 1921 жылы 27 қаңтар – 11 маусым аралығында РК(б)П Қазақ облысы бюросы төралқасының жауапты хатшысы болды. Осы қызметте республиканың соц. жолмен дамуының өз ерекшелігі барын, партияның орталықтағы қызмет тәсілдерін Қазақстанға қарапайым көшіре салуға болмайтынын табанды түрде дәлелдеді.
  • 1921 жылы маусымда өткен РК(б)П облыстық конференциясында Мырзағалиевтың тезистері ұлт саясаты жөнінде қабылданған қарарға негіз етіп алынды. Осы жиында ол РК(б)П Қазақ облыстық комитеттінің жауапты хатшылығына сайланды.
  • 2-Бүкілқазақ съезінде (1921, қазан) Қазақ АКСР-і ХКК-і төрағасы болып сайланды.
  • 1923 ж. қаңтарда РКФСР ХКК-і жанындағы Қазақ АКСР-і өкілі болып тағайындалып, Мәскеуге жіберілді. 1925 жылы маусым айында Қазақ өлкелік партия к-тінің Қазақстан аумағын межелеу жөніндегі комиссиясының құрамына кірді. Ол БОАК комиссиясының алдына Торғай облысының төңкеріске дейінгі шекарасын қалпына келтіру, Қостанай және Ақтөбе губ-ларын Қазақ АКСР-і құрамында тұтас қалдыру, Орынбор губ-ның қазақтар тұратын бөлігін Қазақ АКСР-і аумағына қарату жөнінде принципті мәселелер қойды. Мырзағалиев тезистері Қазақстан үкіметінің осы мәселе бойынша ұстанған позициясына негіз етіп алынды.
  • 1926 жылы 30 маусым – 1929 жылы 28 мамыр аралығында Қазақ АКСР-і қаржы халық комиссары болды.
  • 1930 – 37 жылы РКФСР Жер шаруашылық халкомында жауапты қызметтер атқарды.
  • 1938 жылы ІІХК органдары тарапынан тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшырады.<ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама Үлгі:Navbox Үлгі:Leaders CP of Kazakhstan