Мұстафина Қымбат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:21, 2016 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

'Мұстафина Қымбат (1945 жылы туған, Еңбекшілдер ауданы Құдықағаш ауылы) – қоғам қайраткері, өңірді дамытуға елеулі еңбек сіңірген. Новосибир сауда институтын бітірген (1969). Целиноград облысы сауда басқармасы бастығының 1-орынбасары, Көкшетау облысы сауда басқармасының бастығы (1985) қызметтерін атқарды. Осы кезеңдерде Көкшетау облысы сауда басқармасы республика бойынша 7 рет 1-орынды жеңіп алды да, Құрмет туы осы басқармада мәңгілікке қалдырылды. Көкшетау қаласында республикалық «Озық тәжірибе мектебі» ұйымдастырылды. Көкшетау қаласында тұңғыш рет «Ынтымақ» сауда-коммерциялық фирмасын ашты (1992). Көкшетау облысы әкімінің орынбасары (1997), Көкшетау қалалық маслихатының соңғы екі шақырылымының депутаты, соңғы шақырылған мәслихаттың хатшысы (2006) болып сайланды. «Құрмет» орденімен (2003), «Тың жерді иегруге қатысқаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «Астана қаласының 10 жылдығы», «Сауда ісінің үздігі» медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұстафина Қымбат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}