Мұра және қазіргі заман(көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Асыл мұра және қазіргі заман» көрмесі келушілерді қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен таныстырады. Ерте заманғы бұйымдар мен қазіргі заманғы шеберлердің еңбектері уақыттарды байланыстыратын арқау болып табылады.

Көрмеде қазақ ұлттық ыдыс-аяқтың үлгілері назарға ұсынылған, олар – қазіргі заманғы шеберлер А.Д.Оразғалиев пен Е.П.Ұсановтың қымыз құюға арналған бірегей жиынтықтары, С.М.Бәшіровтің коллекциясынан алынған қазақтардың дәстүрлі кесеқаптары, қымыз құятын тері ыдыстар.

Кәсіби зергерлер Сержан Бәшіров пен Берік Әлібайдың авторлық туындылары тек өздеріне тән мәнерімен және жасалуының жоғары сапасымен ерекшеленеді. Осы шеберлердің дарынды еңбектері жәй ғана зергерлік өнердің аясынан шығып кеткен. Көркем кесте шебері Мұхамеджан Зейнелханның кестелі картиналары керемет әсер қалдырады. Олар ертеден келе жатқан біз кесте техникасын ұлттық нақыш бере отырып заманауи интерпретацияда қолданудың тамаша үлгісін паш етеді.


Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА