Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбеков (1938) ақын, аудармашы.

Мұрат Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келді. Болашақ қаламгердің балалық шағы қиындықпен өтті.

1971 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің үлкен залында «Абайдың поэмалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шыққан жас ғалым өзі оқыған пединститутта аға мұғалім, доцент, Талдықорғанның педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді.

Қос тілдің шебері, қаламгер Мұрат Рахымжанұлының ұшқыр қаламынан әр жылдары бес кітабы жарық көрді. Абайдың он бір өлеңін, Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» шығармаларын тәржімалап, сондай-ақ Б.Майлийннің «Жалбыр» пьесалары, Есмағамбет Исмайлов, Кәмен Оразалин шығармалары, Сәду Машақов, Аманжол Шамкенов, Тәңірберген Әміренов, Қашаф Туғанбаев, Ақылбек Манабаев сынды ақындардың өлеңдері, 2005 жылы Ырысхан Мұсаұлының «Саға» романы, 2006 жылы Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықұлының «Мәңгілік махаббат жыры» дастаны, 2007 жылы Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары М.Сұлтанбековтың аударуында орыс тілінде сөйледі. 2007 жылы М.Рақымжанұлының «Поэтическое вдохновение:Абай, Шакарим и Мұхтар» атты кітабы шықты. Онда автордың мақалалары, эссе, өлеңдері және поэмалары жинақталған. М.Сұлтанбеков аудармашылықпен қоса, драматургия саласында жемісті еңбек етті. Көп актілі «Аттила» атты тарихи пьеса жазды және Қайнар университеті мен Патеон Ассос университетінің Седимес институты ұйымдастырған Алматыда өткен Аттиланың 1600 мерейтойына арналған ғылыми конференцияда Аттила жөнінде баяндама жасап, аталған пьесасы үшін Аттила атындағы медальмен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА