Мүсілім Әмірханұлы Ермеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2016 ж. қарашаның 30 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мүсілім Әмірханұлы Ермеков (15 желтоқсан 1906 ж., Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 21 мамыр 1973 ж., Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1969), профессор (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1956).

Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1930). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1930–36), КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Зоология институты мен Эксперименттік биология институтында (қазіргі «Биоген» жабық акционерлік қоғамы), Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1936–61), Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 1-орынбасары (1961–63), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ректоры (1963–72) қызметтерін атқарған; сол институттың профессоры (1972–73) болды.

Оның негізгі ғылыми еңбектері қой шаруашылығын дамыту және оны зерттеу, оларды жетілдіру мәселелеріне арналған. Ермеков Қазақстанның қазақы қой тұқымын асыл қой тұқымды қоймен будандастыру, биязы және биязылау, құйрықты-қылшықты, ұяң-қылшықты және қаракөл қой тұқымдарын көбейтіп, олардың өнім сапасын арттыруға, қойдың жаңа тұқымдарын өсіріп, оларды жергілікті жерге тез бейімделуіне ат салысты. Ермеков республикамыздағы шөл-шөлейтті аймақтарда өсірілетін қой тұқымдарын шығарушылардың бірі. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>