Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:50, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен7 желтоқсан 1996, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1947).

Өмірбаяны

  • 1939 — 65 жылдары Қазақ опера және балет театрында әнші
  • 1965 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерт”бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Абдуллин негізінен лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды. Мысалы: Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Г. БрусиловскийдіңҚыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” және “Айман-Шолпанында”), Ленский (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Серік (М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”), Зілқара (Брусиловский мен Төлебаевтың “Амангелдісінде”), Тұяқбай (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Әзім (А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”) тағы да басқа.
  • Ол 1936 жылы Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
  • Абдуллин әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub