Мыңбай Ілес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:44, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мыңбай Ілес (28.3.1935 жылы туған, Шәуілдір ауылы) — жорналшы. ҚазМУ-ді бітірген. 1957 жылы "Лeниншіл жас" газетінде, 1958 жылы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің идеология бөлімінде нұсқаушы (1962), "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жауапты хатшысы (1965) қызметтерін атқарады. 1969—71 жылы Мәскеуде КОКП Орталық Комитеті жанын¬дағы Жоғары партия мектебінде оқыған. 1971 жылы "Онтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторының орынбасары болып тағайындалады. 1973—80 жылы республикалық "Социалистік Қазақстан" газеті редакциясының жауапты хатшысы, 1991—96 жылы сол газетте бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. И.Ефремов, С.Курилов, А.Алексин, В.Келер, т.б. жазушылар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ, бірнеше көркем фильмнің қазақша аудармасын жасаған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Отырар ауданының "Құрметті азаматы".<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мыңбай Ілес|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}