Мурман Макарович Пиртахия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:40, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тұлға

Мурман Макарович Пиртахия (1950 жылы 22 қыркүйекте туған, Грузин КСР Миха-Цхакая қаласы) – қазақстандық қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

Ұлты - Грузин. Әкесі - Макар Михайлович Пиртахия, марқұм. Анасы - Нина Фарновна Пиртахия, марқұм.

Бүкілодақтық сырттай оқытатын политехникалық институтының құрылыс факультетін (Мәскеу қ., 1981), инженер- құрылысшы-технолог мамандығы бойынша; Марксизм- ленинизм университетінің (Шевченко қ., 1984) экономика факультeтін экономист мамандығы бойынша бітірген. Грузин жәнe орыс тілдерін біледі.

1968 жылдан - Цхакая кілем комбинатында механикалық цехтың 3-ші дәрежелі слесарі. 1971 жылдан - «Қазжылуизоляция» трeсінің МБ орталық-дайындама шеберханасының оқшаулаушы-қаңылтыршысы, 1978 жылдан шебері (Шевченко қ.). 1982 жылдан - «Қазжылуизоляция» тресінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, 1986 жылдан - трест басқармасы бастығының орынбасары.

1997 жылдан - «Қазжылуизоляция» АҚ вице-президенті.

2000 жылдан бері - «Қазжылуизоляция» АҚ бірінші вице-президенті.

Жеке өмірі

Маңғыстау облыстық «Сакартвело» Грузия халықтарының мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары. Маңғыстау облысының Қазақстан халқы кіші ассамблеясының мүшесі.

Маңғыстау облысы әкімінің (2000, 2007), Ақтау қаласы әкімінің (2000) құрмет грамоталарымен марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның және онда тұратын халықтың өркендеуі».

Үйленген. Жұбайы - Лидия Николаевна Пиртахия (1952 ж. т.). Қызы - Ольга Мурмановна Пиртахия (1975 ж. т.); ұлы - Макар Мурманович Пиртахия (1983 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub