Музыкалық театр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Музыкалық театр<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – опера, балет, оператта мен музыкалы-драмалық қойылымдарды көрсететін өнер ұжымдары. Құрамында актерлері, әнші-солистері, хоры және оркестрі болады. Музыкалық театрларда музыка сахналық жағдай мен кейіпкерлер мінезін бейнелеудің маңызды бір тәсілі әрі спектакль драматургиясының бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады және көркемдік идеяны жүзеге асыру міндетін атқарады. Қазақстанда екі опера театры бар. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Астанадағы опералық театр. Сонымен қатар, Қарағанды қаласында (1973), Алматы қаласында ұйғыр (1934), корей (1932) музыкалы комедия театрлары, Жетісай музыкалы драма театры (1968) жұмыс істеп келеді. 20 ғасырдың 90-жылдары Ақмола (қазіргі Астана қаласында, 1990), Павлодар (1990), Арқалық (1992), Орал (1993), Ақтөбе (1993), Көкшетау (1995), Петропавл, Өскемен (2000), Түркістан (2002) қалаларында қазақ музыкалық театрлары құрылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Музыкалық театр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}