Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Музеолог"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: "«Музеолог» дегеніміз ауани мүкәммалдық кәртішкелері бар электронды тізімдеме. Оның артықшыл...")
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

«Музеолог» дегеніміз ауани мүкәммалдық кәртішкелері бар электронды тізімдеме. Оның артықшылығы жылдамдығында, пайдалану қолайлығында, негізгі немесе тапсырма берілген реквизиттер бойынша іздеудің автоматты жүйесінде, бейнелерді түрлі көлемде көру, ақпаратты толықтыру және түзету мүмкіндігінде, бір коллекцияның заттары туралы немесе жеке бір реквизит бойынша (мысалы, қор құрушының тегі бойынша) деректердің автоматты түрде топтастырылуында. Оның тағы да бір артықшылығы – осы бағдарламаны Европаның, Таяу Шығыс пен Орта Азияның 21 елінде пайдаланады, мұның өзі оның бірізді болғанын және жаһанданғанын көрсетеді. Осыған байланысты бағдарламалар «Музеологтің» Интернет-жүйеде жұмыс істеу мүмкіндігін көздеген. Тіпті бағдарламаның өзі Internet Explorer 5.0 қосымшасымен ойдағыдай әрекет етуде. Осындай жағдай көптеген елдер мұражайшыларының ақпаратпен алмасу шеңберінде, сондай-ақ бірлескен жобалар құруда да өзара тығыз іс-қимыл жасауына ықпал етеді.

2010 жылдың 1 қаңтарына қарағанда Музеологтің деректер базасына – 1811 фотобейнелері бар 1537 жазба енгізілген. «Музеолог» деректер базасын енгізу мониторингі үшін, сондай-ақ осы қосымшаны әзірлегендермен және пайдаланушылармен байланыс жасау үшін ақысыз серверде «Мұражайлық цифромания» блогы құрылған болатын. Пайдаланушылар бағдарламамен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде осы блогтан нұсқау түсіре алады және қарапайым кеңестер ала алады. Қор бөлімінің қызметкерлері сайт үлгісін жасауда. Блог одан әрі жетілдіре түсу үшін әзірлеушілерге проблемалар мен міндеттерді жүйелеуге көмектесті.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА