Мономер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:52, 2016 ж. қаңтардың 21 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Мономер – молекулалары бір-бірімен немесе басқа қосылыстардың молекулаларымен полимер түзетін төменгі молекулалық қосылыстар. Мономерге қысқа байланысты (моно- және диолефиндер, ацетилендер, қанықпаған карбон қышқылдарының нитрильдері, альдегидтер) немесе циклді топтары (олефиндердің оксидтері, лактамдар, лактондар), сондай-ақ гидроксил, карбоксил, амин, т.б. функционалды топтары бар қосылыстар (мыс., дикарбон қышқылдары, аминқышқылдары, гликольдар, фенолдар, диаминдер) жатады. Сополимерленуге немесе сополиконденсациялануға қатысатын Мономер сомономерлер деп аталады. Өте жиі қолданылатын Мономерлер этилен, пропилен, бутадиен, стирол, акрилонитрил, капролактам, терефтал қышқылы, этиленгликоль, фенол, формальдегид.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мономер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}