Молекулалардың өлшемі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:14, 2015 ж. мамырдың 6 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Молекуланың массасын анықтау үшін тіптен үй жағдайына да қоюға болатын қарапайым тәжірибені пайдалануға болады. Тамшуырдың (пипетканың) көмегімен зәйтүн майының бір тамшысын су бетіне тамызайық. Ол су бетіне бір молекуланың еніндей болатын қалыңдықпен жайылып кетеді. Сонда май молекуласының диаметрі

<math> {d}_{0} = \frac {V} {S} ,</math>
болады, мұндағы

<math>V</math> — тамшының көлемі,

<math>S = \pi R^2</math> — жайылып кеткен тамшының ауданы (дөңгеліктің ауданы). Есептеулер зәйтүн майының молекуласының диаметрі шамамен <math>1{,}7\cdot10^{-9}</math> м болатынын көрсетеді. Бұл өте мардымсыз аз шама, оны көзге елестетудің өзі қиын. Бұл жерде салыстыру ғана көмек бере алады. Егер біздің басымыздың Күннің өлшеміндей етіп үлкейтсе, онда молекула осы кезде біздің басымыздың үлкендігіндей болады. Егер әлемдегі барлық заттың өлшемдері 100 миллион есеге артса, онда сутек молекуласының диаметрі (<math>2{,}3\cdot10^{-9}</math> м) 2,3 см болатын шарик тәрізді, адамның бойы 170 000 км, шашының ені 10 км болады.

Дереккөздер

Физика Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев (Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық) Алматы "Мектеп" 2006ж.