Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:46, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев(25.7.1925 жыл, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18.5.1993 жыл, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі (1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Өмірбаяны

Шығармашылығы

Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады.

  • “Әліби Жангелдиннің отряды”
  • “Шопан әні” (1956)
  • “Әңгіме үстінде” (1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды.
  • “Киіз басу” (1958)
  • “Сабан той”
  • “Тұскиіз” триптихы (1960)
  • “Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты.

Пейзаждық картиналары:

  • “Алматының төңірегі” (1958)
  • “Суат басында”
  • “Қыстауда” (1966)
  • “Тау бөктерінде” (1967)
  • “Жайлаудағы таң” (1975)
  • “Бурят әйелі” (1956)
  • “Суретші әйел портреті” (1957)
  • “Мұхтар Әуезов” (1977)
  • “әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері

Монументті өнер шығармалары

Жетістіктері

Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде 1-сыйлыққа ие болды. Оның қылқаламынан туған көптеген еңбектер Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайында, Қазақстанның Орталық көркемөнер галереясында сақтаулы.

Педагогикалық қызметі

Марапаттары

“Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}