Мойынсыз Хасан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:41, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мойынсыз Хасан (туған-өлген жылы белгісіз) – бек, қолбасшы. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығы мен Мауереннахр билеушілерінің арасында Түркістан аймағы үшін болған соғыс барысында көзге түскен. Мойынсыз Хасан – Қасым ханның (1511 – 1518) әскерін басқарып, Мұхаммед Шайбанидің қазақтарға жасаған соңғы жорығы (1509 ж., 21 сәуір – 1510 ж. 12 наурыз) кезінде қолбасшылық шеберлігімен көзге түсті. Мұхаммед Шайбани хан Сығанақ төңірегіне жетіп, өз ордасын Көк-Қашанға орналастырды да, ұлы Темір мен жиені Ұбайдолла сұлтан бастаған жасақты ілгері жіберді. Олар өлытау маңында Қасым ханның ордасын шапты. Алайда бірнеше күннен кейін Қасым хан өз ордасына орнығып алған өзбектерге Мойынсыз Хасан бастаған шағын қосын аттандырды. Күші басым жаудан Мойынсыз Хасанның әскері басым түсті. Қасым хан оларды өкшелей қуып, қыстың соңында (1510) Самарқандқа қайтып оралуға мәжбүр етті. Осы соғыстан кейін қазақтар Сыр өңіріндегі көптеген қалаларды қайтарып алды.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мойынсыз Хасан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}