Модибо Кейта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Keita stamp 1961.png
Модибо Кейта

Модибо Кейта (Үлгі:Lang-fr; 1915 жыл 5 маусым — 1977 жыл) - Мали Республикасының мемлекет және саяси қайраткері.

Өмірі

Мамандығы - мұғалім. Мали халқының ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқаны үшін француз үкімет органдары қуғынға салды. 1946 жылы Африка демократиялық бірлестігін құруға және оның Франция Суданындағы секциясы - Судан Одағы партиясының негізін қалауға ат салысты. 1947-1968 жылдары Судан Одағы партиясының бас хатшысы. 1956 жылы Бамако қаласының әкімі және француз ұлттық жиналысының депутаты. 1959 жылы Мали Федерациялық Республика болып жарияланғаннан кейін Кейта үкімет басына келді. 1960 жылы 22 қыркүйектен Мали Республикасының президенті әрі премьер-министрі болды. 1968 жылғы қарашадағы әскери төңкерістің салдарынан үкімет басынан кетті.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>