Михаил Федорович Аранышев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Михаил Федорович Аранышев (12 қараша 1912, Ресей, Нижний Новгород облысы Вача ауданы Клин селосы — 18 қараша 1989, Алматы) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңген артисі (1959).

Өмірбаяны

  • 1937 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік кинематография институтын (Б.И. Волчектің шеберханасында) бітірген.
  • “Ленфильм” жұмыс істеген.
  • кейін Орталық біріккен көркем фильмдер киностудиясында (1942-43, Алматы) жұмыс істеген.
  • 1946 жылдан Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясында (“Қазақфильм”) қызмет еткен.

Түсііруге қатысқан фильмдері

Әр алуан деректі, хроникалық фильмдермен қатар киноочерктер және көркем фильмдерді:

  • “Махаббат дастаны”, 1953;
  • “Дала қызы”, 1954;
  • “Өжет қыз”, 1955;
  • “Тасқын”
  • “Даладағы қайыңдар”, 1956;
  • Менің атым Қожа”, 1964;
  • “Жаңғырық” (1966 — 67)
  • “Мың шақырымдық жол”, 1968;
  • “Құлагер”, 1972;
  • “Балалық шаққа саяхат”, 1970;
  • “Көзілдірікті қоян”, 1981, мультфильм;
  • “Бандыны қуған Хамит”, 1981 т.б. түсіруге қатысты.

Марапаттары

  • 1952 жылы “Советтік Қазақстан” аталатын деректі фильмі үшін Сталиндік сыйлыққа ие болған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  • Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1959).
  • 2 рет "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті