Михаил Михайлович Беляев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:52, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Михаил Михайлович Беляев (1925 жылы туған) - суретші. Кескіндеме, қондырғылы және өнеркәсіптік графика саласында жұмыс істейді. Ол Абай тақырыбына бірнеше рет қалам тартып, түрлі жанрдағы бірқатар шығармалар тудырды. Семей облысы тарихи-өлкетану музейіне арнаған «Абай мен Михаэлис» (1958-59; қағаз, қарындаш, акварель) суретінің негізіңде 1970 жылы В. И. Третьяковпен бірігіп, жаңа картина жазып шықты (кенеп, майлы бояу, автордың жеке қоры). Ол Абайдың 125 жылдығына орай Третьяковпен бірігіп, Алматыдағы «Сувенир» фабрикасында әзірленген Абайдың ез тұлғасы, ескерткіші, музейі бейнеленген ескерткіш белгілердің (жеті түрлі) эскизін (1970), ақынның мерей тойына арналған билеттің үлгісін, «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты график. бетті (1970; қағаз, линогравюра, автордың жеке қоры) жасады. Оның жеке көрмесіне қойылған «Нұрлы қала» картинасында (1991; қатырма қағаз, темпера, автордың жеке қоры) Семей қалысының таныс көрінісі арасынан Абай ескерткіші (мүсінші Д. Элбакидзе) ерекше кезге түседі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Михаил Михайлович Беляев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}