Михаил Ильич Левин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:53, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Михаил Ильич Левин<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1928 жылы туған, бұрынғы Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) – архитектор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген архитекторы. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) инженер-құрылыс институтының архитектура факультетін (1950) бітірген. Архитектура мамандығын Ленинград қаласында бастаған. Оның шығармалары белсенді де жігерлі еңбегі Ақтау қаласмымен байланысты. Мұнда ол 19631987 жылдары «ВНИПИЭТ» тас жобалау ұйымының жобалау бюросына жетекшілік жасады. Осы жылдары оның қатысуымен қаланың архитектуралық бейнесін айқындайтын көптеген ірі нысандар салынды: Абай атындағы Мәдениет сарайы, «Юбилейный» кинозалы, «Нефтяник» («Мұнайшы») қонақ үйі, Т.Г. Шевченко ескерткішінің теңізге түсер көрінісі, тағы басқа. Левин Ақтау қаласының құрылысы авторларының бірі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}