Мирон, Элевтерлік Мирон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:31, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мирон, Элевтерлік Мирон — б. э. бұрынғы V ғ. бірінші жартысындағы гректің даңқты мүсіншісі, Фидий мен Поликлеттің ілгері замандасы. Беотияда туған, б. э. бұрынғы V т. бас кезіндегі аса ірі шебер Агеладтың қолында оқыған, Афиныда жұмыс істеген, басқа да грек қалаларына арналған көптеген тапсырмаларды орындаған. Батыл да жаңашыл Мирон шартты архаикалық өнер дәстүрлерінен біржола қол үзіп, қимыл-қозғалысты беруде таңғажайып шеберлікке жетті. Ол жасаған жеңімпаз атлеттер мүсіндері ерекше танымал болды. Мирон мүсіндерінің көбісін қоладан құйды: ол сомдаған «Диск лақтырушы» (Рим, Ұлттық музей), сондай-ақ «Афина мен Марсий» (Афина — Майндағы Франкфурт музейі; Марсий — Рим, Латеран музейі) мүсіндерінің римдік Mәpмap көшірмесі сақталған.<ref>Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}