Мирасбек Нұрғалиұлы Төлепов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:54, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Мирасбек Нұрғалиұлы Төлепов (1903, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы – 25.2. 1938, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Ауыл мектебінде, Троицкідегі орыс гимназиясында оқыған. Мәскеу Қызыл профессура институтын бітірген (1932). 19191921 ж. ауылдық ревком хатшысы, қызыл әскер, Өлкелік комсомол бюросының жауапты хатшысы (Орынбор), Қостанай губревтрибуналы мен губатком алқасының мүшесі, 19211922 ж. Қазақ АКСР-і еңбек халкомының орынбасары, 19221927 ж. Қазақ АКСР-і кәсіподақтары өлкелік бюросының қызметкері, КСРО Сыртқы сауда халкоматының Қазақстан және Қытай бойынша уәкілінің орынбасары, Қазақ АКСР-і Сауда халық комиссарының орынбасары, 19271932 ж. Қызыл профессура институтының студенті, 19321933 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің ғылым секторының меңгерушісі және КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары болып, республикада ғылыми мекемелердің ашылуына үлкен үлес қосты. 19331936 ж. БК(б)П Алматы және Шығыс Қазақстан обкомдарының екінші хатшысы, 19361937 ж. БК(б)П ОК-нде (Мәскеу) баспа секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 ж. 22 тамызда “халық жауы” ретінде тұтқындалды. 1957 ж. 9 сәуірде ақталды.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}