Милослав Валентинович Антощенко-Оленев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:44, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Милослав Валентинович Антощенко-Оленев

1981 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында туған. Украин.

Әкесі - Антощенко-Оленев Валентин Иосифович, марқұм,график, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Анасы - Антощенко-Оленева Ольга (1953 жылы туған ), математик.А. Ақанаев және Л. Оразбекова Мектеп-студиясының кескіндеме, мүсін, өнер композициясы факультетін бітірген (2002), кескіндемеші, график-мүсінші.

ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті.

Бейнелеу өнерінің түрлері - рельефтік кескіндеме, рельефтік миниатюра, мүсін, поп-арт дизайн.

Отандық және халықаралық «Жігер-2000» (Алматы қаласы,2000), «Ұлы көшпенділер алаулары» (Астана қаласы, 2002),«Мәдениет күндері» (2005), Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайындағы (Алматы қаласы, 2004) көрмелерге қатысқан.

Жұмыстары «Шежіре», «Has Sanat», «Франс Альянс» галереяларында, Көркемөнер көрмелері дирекциясы көрме залына, «Шахар» арт-орталығында қойылған.

Жұмыстары Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Түркия,Қытай, Германия, Англиядағы жекеменшік коллекцияларда сақталуда.

ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығы (АІСА) ұлттық секциясының мүшесі (1996).

«Жігер-2000» республикалық жастар фестивалінің лауреаты.

Үйленген. Жұбайы - Ботагөз Амандосқызы Ақанаева (1971 жылы туған ), кескіндемеші. Қызы - Антощенко-Оленева Рада (2000 жылы туған); ұлы - Антощенко-Оленев Глеб (2002 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub