Меңліаяқ Сәрменбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:55, 2016 ж. қарашаның 14 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Меңліаяқ Сәрменбайұлы(1880, қазіргі Қармақшы ауданы Интернационал ауылы – 1954, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Абай ауылы) – халық ақыны. 15 жасында «сері жігіт» атанып, ақындығымен халыққа таныла бастайды. Меңліаяқтың ақындығының ұшталуына Кете Жүсіп, Керей Әбдіжаппар, Қаңлы Жүсіп, әсіресе, Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің үлкен әсері болған. 1928 жылы ауқаттылар санатында жер аударылып, одан 1936 жылы оралады. 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, 1943 жылы ақталады. Меңліаяқ қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинаумен қатар толғау-өлең, хикаялар шығарған. Оның шығыс әңгімелерінің желісімен жазылған «Үш жігіт», «Екі қудың әңгімесі», «Төрт өнерпаз», т.б. поэмаларымен қатар «Бастан өткен өмір» «Жаңа әкім», «Әбділдаға көңіл қос» сонымен қатар «Жас туралы» пьесасы, «Қуанышты күн тоғызыншы май», «Кенесары – Наурызбайдың қысқаша тарихы», «Жасауыл қырғыны мен Айсарының жоқтауы», «Жанғабыл батырдың өлімі» атты деректі әңгімелері бар. 2000 жылы Меңліаяқтың мұрасы жеке кітап болып баспадан шықты. Меңліаяқ шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Меңліаяқ Сәрменбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}