Меңдіхан Мырзалыұлы Өтепқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:06, 2016 ж. қаңтардың 27 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Меңдіхан Мырзалыұлы Өтепқалиев 1951 жылы 10 қаңтарда Гурьев облысы Құрманғазы ауданының Ганюшкин ауылында туған. Қазақ. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1974), дәрігер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1974 жылдан - Гурьев облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-анестезиологы. 1982 жылдан - Гурьев қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасында анестезиология-реанимация бөлімшесінің меңгерушісі. 1986 жылдың наурызынан - жедел медициналық жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары. 1986 жылдың қазанынан - Гурьев облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 1991 жылдан - «Фтизиатрия» Аймақтық медициналық бірлестігінің директоры (Гурьев қаласы). 1992 жылдың наурызынан - №1 қалалық ауруханыныңбасдәрігері. 1995 жылдың сәуірінен -Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. 2000 жылдан - Атырау қалалық Аймақтық апат медицинасы орталығының директоры. 2001 жылдың шілдесінен - Атырау облыстық Денсаулық сақтау департаменті директорының тұрғындарға емдік- профилактикалық көмек көрсету жөніндегі орынбасары. 2002 жылдан - Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының ТЖ және жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары. 2003 жылдан - «Inter teach» Қазақстан корпорациясының Атырау өкілдігінің директоры. 2006 жылдан - Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 2009 жылдың қарашасынан - Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің әкімі. 2009 жылдың желтоқсанынан бері - Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы. Дәрігер социал-гигиенист, жоғары біліктілік категориясының ұйымдастырушысы. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub